«Шымкент – Мюнхен» тікелей әуе рейсі ашылды

«Шымкент – Мюнхен» тікелей әуе рейсі ашылды

Ү.ж. 27 мамырда Мюнхен қаласында Қазақстан мен Германия арасындағы әуе қатынасының жаңа кезеңі басталды – «Scat» әуе компаниясы Шымкент пен Мюнхен арасындағы тікелей рейсті іске қосты. Бұл бастама екі ел арасындағы туризмді, іскерлік байланысты және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ашылу рәсіміне Қазақстан тарапынан авиакомпания басшылығы, ал Германия тарапынан Бавария үкіметі, Мюнхен әуежайының басшылығы мен іскерлік орта өкілдері қатысты.

Жаңа рейс қазақстандық және неміс туристері мен бизнес қауымдастығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.