Ү.ж. 14-ші мамырда Бас консулдықта жас ғалымдар мен кәсіби мамандарға арналған ақпараттық-білім беру іс-шарасы өтті. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Украина және АҚШ азаматтары қатысты.
Негізгі спикерлер – нейрохирург Ғалымжан Исабеков және IT маманы Таалай Жумабаев – студенттермен ғылым мен технология саласындағы халықаралық мансап құру тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара пікір алмасу мен нетворкинг алаңына айналды.