ҚР РФ Елшісі Д.Абаев ММУ ректоры В.Садовничиймен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев ММУ ректоры В.Садовничиймен кездесті

         М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың ММУ ректоры Виктор Садовничиймен кездесуі өтті.

         Елші Университеттің биыл атап өтіліп жатқан 270 жылдығымен құттықтады. Ол көптеген жылдар бойы Университет жоғары білікті кадрлардың ұстасы болып табылатынын және Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен достық қарым-қатынастардың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

         Тараптар ғылым мен білім саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін және бірқатар бірлескен жобаларды талқылады. Келешекте де ММУ-де Қазақстан үшін кәсіби кадрлар даярланатынына сенім білдірілді.

         Атап айтқанда, бүгінде ЖОО-ның Мәскеу кампусында 179 қазақстандық тұрып, білім алуда. Ал ММУ-дың Қазақстандағы ширек ғасыр бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан филиалы басқа да талапкерлерге елден тыс шықпай-ақ білім алуға мүмкіндік беруде. Қазіргі уақытта филиалда күндізгі бөлімде 500-ге жуық жастар оқиды. Бұл Университеттің бірегейлігінің, сұранысқа ие екендігінің және білім беру әлеуетінің дәлелі болып табылады.