ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ СІМ барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ СІМ барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінде болды.

Ол «Крокус Сити Холлдағы» қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырып, гүл шоқтарын қойды.

«Өз атымнан және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атынан Мәскеу облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын. Қазақстан Республикасы лаңкестікті оның барлық көріністерімен үзілді-кесілді айыптайды, қылмыскерлердің іс-әрекеттерін ақтау мүмкін емес. Осы қиын сәтте халқымыз ресейліктермен бірге аза тұтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін, ал қаза болғандардың туыстары мен жақындарына төзімділік пен табандылық тілейді», – деп жазды Елші көңіл айту кітабында.

Соңғы мәліметтер бойынша, «Крокус Сити Холлда» болған теракт салдарынан 139 адам қаза тапты.