ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ректоры А.Комиссаровпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ректоры А.Комиссаровпен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ректоры Алексей Комиссаровпен кездесті.

Ғылыми, білім беру, академиялық және гуманитарлық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде, студенттер мен оқытушыларға арналған ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске қосу және жұмыс істеп тұрған серіктестермен (оның ішінде Тұран университеті де бар) жергілікті жерде шетелдік тағылымдамадан өту, магистратураның бірлескен желілік білім беру (1+1 формат) бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы басқарушы кадрларды даярлаудың жетекші орталығы болып табылады және қазақстандықтар арасында танымал. Қазіргі уақытта мұнда 300-ден астам отандасымыз білім алуда. Сондай-ақ Академияда Республиканың қазіргі мемлекеттік қызметшілері қосымша кәсіби білім алып, біліктіліктерін арттырады.

Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарының ішінде Жоғары Менеджмент мектебі, Инновациялық Еуразия университеті, «Тұран» университеті, Назарбаев Университеті және т.б. бар. 2023 жылдың тамыз айында Мәскеуде Академия мен «Тұран» университетінің бірлескен жазғы мектебі өтті, сондай-ақ, жыл сайын ҚР өкілдерінің қатысуымен тұрақты даму жөніндегі халықаралық конференция өтеді. Академи Астана Мемлекеттік қызмет хабының серіктесі болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты ұлғайтып, әріптестікті жандандыруға келісті.