Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде қазақстандық тұңғыш ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен кездесу өтті

Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде қазақстандық тұңғыш ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен кездесу өтті

Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде дипломатиялық миссия қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен кездесуі өтті.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев қонақты Елшілік мұражайымен, оның тақырыптық бөлімдерімен таныстырды, олардың бірі Қазақстандағы ғарыш саласының қалыптасуына және қазақстандық өкілдің тұңғыш ғарышқа ұшуына арналған.

Тоқтар Әубәкіров балалармен кездесіп, «Қалай ғарышкер болуға болады?» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді, оларға ғарышкерлердің өмірінен сыр шертіп, ғарышқа ұшу кезіндегі сезімдерімен бөлісті.

Кездесу пікірталас түрінде өтті. Қазақстандық дипломаттардың балалары қонақтың қызықты әңгімелерін ерекше ықыласпен тыңдап, оған өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Қазақтың тұңғыш ұшқыш-ғарышкері сапалы білім алудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның ғарыш саласын одан әрі дамытуда өскелең ұрпақтың рөлі зор екенін растады.