Қазақстандық делегация Ханты-Мансийскіде өткен Халықаралық IT-форумға қатысты

Қазақстандық делегация Ханты-Мансийскіде өткен Халықаралық IT-форумға қатысты

7-9 маусым аралығында Ханты-Мансийск қаласында БРИКС және ШЫҰ елдерінің қатысуымен XIII Халықаралық IT форумы өтті. 

Биыл ол онлайн және офлайн форматта 45 ел мен Ресей Федерациясының 76 субъектілерінен 2000-ға жуық делегаттың басын қосты. Қызметтің әртүрлі салаларындағы цифрлық трансформация, жоғары білікті IT мамандарын дайындау негізгі тақырыптар болды.

Форум жұмысына құрамына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР РФ Елшілігі, ҚР Цифрлық даму жөніндегі өңірлік басқармалары, бизнес өкілдері кіретін қазақстандық делегация қатысты.

Шілде айының басында Екатеринбургте өтетін "ИННОПРОМ-2022" көрмесінде одан әрі байланыстарды жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді, онда Қазақстан серіктес ел болады.