Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы Волоколамск қаласындағы 28 батыр панфиловшыларға арналған мемориалға барды

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы Волоколамск қаласындағы 28 батыр панфиловшыларға арналған мемориалға барды

Елші Ермек Көшербаев бастаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің делегациясы Алматыда негізі қаланған батыр Панфилов дивизиясының құрылғанына 80 жыл толуына орай салтанатты шараға қатысты.

Іс-шараға Мәскеу облысының Волоколамск қалалық округінің басшысы Михаил Сылка, Мәскеу облыстық Думасының депутаты Владимир Вшивцев, қазақ диаспорасы мен жастар армиясының өкілдері қатысты.

Еске алу рәсімі барысында Елші 1975 жылы 6 мамырда Ұлы Отан соғысы тарихындағы өлмес ерліктің құрметіне құрылған 28 батыр панфиловшыларға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаев 28 батыр-панфиловшылардың ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына жаппай батырлық пен батылдықтың белгісі ретінде енгенін, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды аса құрметпен еске алатынын және біздің қазіргі міндетіміз - балаларымыз бен немерелерімізге әкелеріміз мен аталарымыз айтқан соғыс туралы шындықты жеткізу екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Мәскеу облысы Волоколамск қалалық округінің басшысы Михаил Сылка Василий Клочковтың «Велика Россия, а отступать некуда. Позади Москва!» әйгілі сөздерін мысалға келтіре отырып, аймақ тұрғындары тек Волоколамск аумағын ғана емес, Мәскеуді жаудан қорғаған Алматы қаласында құрылған дивизияның ерлігін еске алып, құрметтейтінін айтты.

Мерейтойға орай Елшілік делегациясы Бауыржан Момышұлының мүсініне, Мәңгілік алауға және Нелидово ауылындағы батыр-панфиловшылардың бауырлас зиратына гүл шоқтарын қойып, батыр-панфиловшылар атындағы интерактивті мұражай-бункердің экспозициясымен танысты.

Мәскеулік ардагер-панфиловшылар тобының өкілі Галина Смирнова 25 жылдан астам уақыт бойы атқарып келе жатқан патриоттық қызметі туралы айтып берді. Оған Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақ жауынгерлерін іздеу және мәңгі есте қалдыру іс-шаралары кіреді.

Қазіргі уақытта жинақталған электрондық деректер банкінен Қазақстаннан келген 600 мыңнан астам сарбаздың атын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне берді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура 80 жыл бұрын, 1941 жылы 12 шілдеде үкіметтің бұйрығымен Алматы қаласында 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Бір ай ішінде дивизия Кеңес Одағының көптеген ұлттары мен халықтарының әскерге шақырылған командаларымен толықтырылды.

Дивизия қатарына КСРО-ның 28 халықтарының өкілдері кірді, ал негізгі тірегі Қазақстаннан алынған әскерлер болды.

1941 жылы 16 қарашада 316-шы дивизия Волоколам тас жолында шайқасты және жаудың төрт дивизиясының, соның ішінде екі танктің соққыларын тоқтатқан 28 батырының ерлігімен танымал болды.

Мәскеуді қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін дивизия 17 қарашада Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 23 қарашада ұрыс кезіндегі сәтті әрекеттері үшін «генерал-майор И.В. Панфилов атындағы» құрметті атаққа ие болды.