Қазақстан делегациясының Калининград облысына сапары

Қазақстан делегациясының Калининград облысына сапары

2021 жылғы 14-16 маусымда Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев губернатор Антон Әлихановтың шақыруымен Калининград облысына жұмыс сапарымен барды.

Калининград облысының басшылығымен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей өңірі арасындағы тауар айналымы пандемияға қарамастан өткен жылы 54,9 млн АҚШ долларына дейін (63%), ал 2021 жылдың бірінші тоқсанында 23 млн АҚШ долларына жетті (84%).

Тараптар өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және транзит саласындағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар екенін баса айтты. Қазақстан, Ресей және Қытай «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің негізгі акционерлері болып табылады. Бұл тауарларды жеткізу уақыты мен құнын едәуір қысқартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ынтымақтастық байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда да, Калининград облысында да туризм саласы белсенді дамуда. Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы Қазақстаннан Ресейдің ең батыс аймағына қоныс аударған тұрғындарды тұрақты түрде қабылдауды жалғастыруда.

Тараптар Қазақстан мен Калининград облысы арасында тікелей әуе байланысын орнатудың, сауда-экономикалық байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Елші Е. Көшербаев облыста Қазақстаннан келген 200 мыңнан астам тұрғын тұрып жатқанын ескере отырып, Қазақстанның қалаларының бірімен Калининград арасында бауырластық байланыс орнатуды ұсынды.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация «Автотор» ЖШС ірі автомобиль құрастыру зауытында болды. Бүгінгі таңда «Автотор» ЖШС Калининград облысының өнеркәсіптік дамуының драйвері және аймақтағы ең ірі салық төлеуші болып табылады. Калининград облысында өндірілген тауарлардың жалпы санынан 2019 жылы «Автотор» ЖШС 351,9 млрд рубльді (53,3%), ал 2020 жылы 295,4 млрд рубльді (45,7%) құрады.

Сапар барысында Ермек Көшербаев Калининград облысындағы қазақстандық диаспораның төрағасы Ерболат Нұркеновпен кездесті. Диаспора басшысының айтуынша, Қазақстаннан көшіп келгендер аймақтағы лайықты беделге, өндіріс, бизнес және әлеуметтік салада жетекші орындарға ие. Дәстүрді, тілді және Отанымызбен жеке байланысты сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстандық делегация мүшелері «Храброво» индустриалды паркі мен Калининград облысының Сауда-өнеркәсіп палатасында болды. Тараптар өңірдегі қолданыстағы салықтық және инвестициялық артықшылықтарды ескере отырып, ынтымақтастықтың даму бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады.