Исландия елшісі Қазақстан Елшілігіне сыпайылық сапармен келді

Исландия елшісі Қазақстан Елшілігіне сыпайылық сапармен келді

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне Исландияның Ресейдегі және Қазақстандағы (қоса атқарушы) Елшісі Аурни Тор Сигурдссон сыпайылық сапармен келді.

Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібі, оның ішінде жасыл технологиялар мен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері бойынша пікір алмасу болды.

Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.

Кездесу соңында Исландия Елшісі Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, елімізге бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі.