Қазақстан Елшілігіне партиялық-парламенттік делегация келді

Қазақстан Елшілігіне партиялық-парламенттік делегация келді

Қазақстан Елшілігіне Федерация Кеңесінің мүшесі Андрей Климов, Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Василенко, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы Светлана Смирнова, "Единая Россия" партиясының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының мүшесі Владимир Плигин, РФ Жазушылар Одағының мүшесі, Бірінші Ресей ұлттық арнасының бас редакторы Александр Фоменко келді.

Екіжақты қатынастар, парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту, бірлескен мәдени-гуманитарлық жобалар бойынша ұтымды пікір алмасу болды.

Кездесу барысында "Атлантикадан Тынық мұхитқа дейін" V фестиваль марафонының қазақстандық кезеңіне бастау берген эстафета табысталды. Қазіргі уақытта іс-шара пандемия жағдайында онлайн режимінде өтіп жатыр. Бағдарламада дөңгелек үстелдер, конференциялар, кинокөрсетілімдер, фотоконкурстар және т. б. жоспарланған. Марафонға 30 күн ішінде (15 мамырдан 15 маусымға дейін) әлемнің 40 елінде 20 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.