
Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде "Художественная литература" баспасының бас редакторы Георгий Пряхинге ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хаты табысталды.
Хатта 2020 жылы Абайдың 175 жылдығын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде атап өтуге белсенді қатысқаны және Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілген.
Георгий Пряхин өз еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамыту және нығайту үшін алдағы уақытта да жұмыс жасайтынын айта кетті. Ресей қоғам қайраткері қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.