Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Ресейдің мәдени астанасында ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.
Жамбылдың ескерткіші 2003 жылы Санкт-Петербург қаласының Орталық ауданында Қазақстан Республикасы атынан қаланың 300 жылдығына арналған сыйлық ретінде орнатылып, қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды.
Іс-шараға Бас консулдықтың өкілдерімен қатар ТМД ПАА өкілі, Санкт-Петербург және Ленинград облысы әкімшіліктері, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық студенттер, сондай-ақ қаланың тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Шақырылған қонақтар іс-шараның екіжақты мәдени ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында басқалармен қатар, Жамбылдың "Ленинградцы, дети мои!" шығармасы да орындалды. Бұл өлең блокададағы Ленинград тұрғындары үшін ерекше өлең болғанын атап өткен жөн.