Мәскеуде мектеп және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Мәскеуде мектеп және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Ресей ағарту министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Глушкомен кездесті. 

Тараптар стратегиялық әріптестік пен тату көршілік рухында дамып келе жатқан екі мемлекеттің білім беру саласындағы ынтымақтастығының ағымдағы серпінін қанағаттанарлық деп бағалады.

Мектеп пен кәсіптік білім беру саласындағы өзара іс-қимылды, ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері және өзара қызығушылық тудыратын түрлі тақырыптар бойынша құзыреттілік орталықтарын, жобалық кеңселерді құру сияқты бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Кездесу соңында тұрақты түрде кездесулер өткізу туралы келісім жасалды.