Мәскеудегі отандасымыз "Жыл еріктісі" сыйлығының жеңімпазы атанды

Мәскеудегі отандасымыз "Жыл еріктісі" сыйлығының жеңімпазы атанды

Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде "Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда өткен волонтер жылы аясында тағайындалды.

"Жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін" номинациясы бойынша марапат отандасымыз, "Мәскеу мемлекеттік болат және қорытпалар институты" ұлттық зерттеу технологиялық университетінің доценті, Мәскеу мемлекеттік және муниципалды басқару академиясының профессоры, Ақтөбе жерлестігінің мүшесі Асылбек Төлешовке берілді.

Ол ресейлік әріптестерімен бірге Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды, олардың туыстарын іздестіру, қаза тапқандарды еске алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.