Режиссер Ерлан Төлеутай шығармашылық жоспарларымен бөлісті

Режиссер Ерлан Төлеутай шығармашылық жоспарларымен бөлісті

Бүгін Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігіне танымал қазақстандық кино режиссері, әнші, композитор, ақын және өнертанушы Ерлан Төлеутай келді.

ҚР-дың РФ-тегі Елшісі Ермек Көшербаевпен жылу кездесу барысында ол өзінің шығармашылық қызметі туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.

Ерлан Төлеутай "Мәди" және "Қаз дауысты Қазыбек би" сынды танымал деректі драмалық фильмдердің режиссері, қазақ халқының көрнекті өкілдері Абай, Нәзір Төреқұлов, Талғат Бегелдинов, Әбілхан Қастеев, Шара Жиенқұлова және басқаларына арналған деректі фильмдердің сценаристі, "Жау жүрек мың бала" және "Алмас қылыш"сынды танымал фильмдердің редакторы.

Сондай-ақ, оның қазақ ән өнерінің тарихын зерттеуге қосқан үлесі, осы тақырыптағы мақалалар мен зерттеу жұмыстары республикалық БАҚ-та үнемі жарияланып тұрады. Ерлан Төлеутай қазақ ақындарының көптеген өлеңдеріне ән шығарған. Оның "Япырай" және "Сен және Мен" әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдаған.