
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Саратов облысына жұмыс сапары өтті.
Делегация құрамына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев бастаған облыс әкімдігінің өкілдері де кірді.
Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргинмен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы атап өткендей, сауда-экономикалық қатынастар тұрақты және қарқынды дамып келеді. Өткен жылы Саратов облысының Қазақстанмен тауар айналымы $266 млн-нан асқан, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен шамамен 15% - ға жоғары. Өңірде 27 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Р.Бусаргин өзара іс-қимыл тек нығая түсетініне сенім білдірді.
Өз тарапынан Д.Абаев Саратов облысын маңызды экономикалық және өнеркәсіптік орталық, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын нығайту ісіндегі ең белсенді әріптестердің бірі деп атады. Ол Қазақстан өңірлері мен Саратов облысының әлеуетін біріктіру жаңа өсу нүктелерін құруға, өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа кооперациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ынтымақтастықта Батыс Қазақстан облысы шешуші рөл атқарады. Қ.Меңдіғалиев баяндағандай, ағымдағы жылдың 4 айында өңірдің Саратов облысымен тауар айналымы шамамен $178,5 млн. құрайды.
Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында қазақстандық делегация Саратов арматуралық зауыты мен «Нефтегазоборудование» зауытында болды. «Газаппарат» АҚ (Саратов қ.) мен «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС (Орал қ.) арасында стратегиялық ынтымақтастық, өндірісті оқшаулау және технологияларды тапсыру туралы меморандумға қол қойылды.
Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты білім беру саласы болып табылады. Қазіргі уақытта өңірдің жоғары оқу орындарында 353 қазақстандық студент оқиды. Жоғары білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінде өткен дөңгелек үстел барысында байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Д.Абаев өз сөзінде академиялық ұтқырлық пен ғылыми кооперацияны нығайту мақсатындаСаратов ЖОО-ларын ҚР-дағы әріптестерімен тығыз әрі жүйелі диалогқа шақырды. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру, «қос диплом» бағдарламаларын іске асыру және студенттік алмасуларды ұйымдастыру туралы сөз қозғалды. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, IT-технологиялар және логистика сияқты салаларда бірлескен ғылыми зерттеулерге қызығушылық білдірілді.
Өз кезегінде Вавилов университетінің ректоры Дмитрий Соловьев серіктестікті жандандыруға және бірлескен білім беру бағдарламаларын құруға дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, ол 2025 жылы БҚО-ның жетекші жоғары оқу орындарымен 4 келісімге қол қойылғанын айтты. Оның айтуынша, ғылыми әлеуетті біріктіру елдеріміздің ауыл шаруашылығы және экономикалық дамуында серпінді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Саратов облысы халықтарының ұлттық ауылы» этнокешенінде Елші қазақ ауылындаболып, жергілікті қазақ ұлттық-мәдени ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Қазір өңірде 64 мыңға жуық отандасымыз тұрады. Өзара іс-қимылдың әртүрлі аспектілері, ана тілін оқытумәселелері және бірлескен гуманитарлық жобалар қарастырылды.
Сапар аясында қазақстандық делегация Мәңгілік алауға және «Журавли» монументіне гүл шоқтарын қойды.