
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Орынбор облысына жұмыс сапары өтті.
Делегация құрамына сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, «Қазақстан темір жолы» және «ҚазАвтоЖол» компанияларының өкілдері кірді.
«Ресей мен Қазақстанның ұлттық мақсаттары: даму және ынтымақтастық векторлары»конференциясы барысында ҚР өңірлерінің Орынбор облысымен өзара іс-қимылының қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды.
Д.Абаев атап өткендей, Қазақстан Орынбор облысының сыртқы саудасында маңызды орын алады, тауар айналымы жыл сайын артып келеді. «Өзара сауда номенклатурасы ауқымды - отын-энергетикалық кешен өнімдерінен бастап азық-түлік тауарларына дейін. Энергетикалық ынтымақтастықтың флагмандарының бірі Орынбор газ өңдеу зауытымен өзара іс-қимыл болып табылады», - деді Елші. Сондай-ақ, ол Орынбор облысының көлік саласындағы ынтымақтастықтағы, әсіресе «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізін іске асыру контекстіндегі маңызды рөлін атап өтті.
Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцев Қазақстанды жақсы көрші ғана емес, сонымен қатар, маңызды стратегиялық, экономикалық серіктес деп атады. Оның айтуынша, өңірдің сыртқы айналымындағы әрбір 4-ші тауар Қазақстанға жеткізіледі, өткен жылы өңір мен Қазақстан Республикасы арасындағы барлық тауар айналымы 16% - ға ұлғайған. «Мен біздің ынтымақтастығымызда зор әлеуетті көріп отырмын», - деп сенім білдірді губернатор.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров шекара маңындағыынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі өңірдің ұсыныстарымен таныстырды және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын белгіледі. Ол «Ақтөбе–Орынбор» әуе қатынасын жаңарту қажеттігін атап өтіп, тікелей рейс жол жүру уақытын 40-60 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік беретінін және іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңызды факторы болатынын атап өтті.
Конференция барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй өңірдің экономикалық әлеуеті туралы айтып берді. Ол БҚО-ның кең инвестициялық мүмкіндіктері, табиғи ресурстары, транзиттік әлеуеті, әлемдік нарықтарға шығу жолы бар екенін атап өтіп, ресейлік серіктестерді белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов 2025 жылы Орынбор облысымен теміржол тасымалы 2024 жылмен салыстырғанда 23% өсіммен 6 млн тоннаны құрағанын атап өтті. Оның айтуынша, Орынбор облысымен жүк транзиті де 35% - ға артқан.
Конференция соңында оның қатысушылары Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен табысты өзара іс-қимылын ілгерілету мақсатында нақты бағыттар мен ұсыныстарды талқылады.
Сапар аясында қазақстандық делегация мен Е.Солнцев бастаған Ресей тарапының өкілдері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.