ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында болып қайтты

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында болып қайтты

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев РФ Экономикалық даму министрлігіне қарасты Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында (БССА) болып қайтты.

Ректор Виттория Идрисовамен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен білім беру жобалары мен зерттеулерді іске асыруға дайын екендіктерін білдірді, оларды екі мемлекеттің игілігі үшін нақты секторларда практикалық қолдану мүмкіндігі атап өтілді. Атап айтқанда, студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламалары мен өзара тағылымдамаларын ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Д.Абаев ұжымды Академияның 95 жылдығымен құттықтап, оқу корпусымен танысты, Академия студенттерімен кездесіп, оларға оқу және ғылыми қызметінде табыс тіледі.

Сапар аясында Елші білім алушылар алдында Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағы туралы дәріс оқыды. 2025 жыл екіжақты өзара іс-қимылда нәтижелі болғаны атап өтілді. Бұл ретте 2026 жылға үлкен серпін бар екенін, мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау үшін көптеген бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру қажет екенін айтып өтті. Д.Абаев интеграциялық форматтар шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыбына тоқталып, ЕАЭО-да өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Елші аудиторияға Қазақстандағы цифрландыру саласының дамуы, инвестициялық тартымдылық туралы баяндады, «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Д.Абаев аудиторияның екіжақты және көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы көптеген сұрақтарына жауап берді. Дәріс жанды, интерактивті сипатта өтті.

Анықтама үшін: БССА - Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігіне қарасты бірегей жоғары оқу орны болып табылады, ол 1931 жылдан бастап сыртқы экономикалық қызмет, халықаралық құқық және менеджмент салалары үшін кадрлар даярлауға маманданған. Академияның басты ерекшелігі - жаһандық нарықтарға бағытталу, екі шет тілін міндетті тереңдетіп оқыту, бизнес тәжірибесімен оқыту және жұмысқа орналасудың жоғары деңгейі. БССА түлектердің жалақысы бойынша Ресейдің үздік 10 экономикалық жетекші оқу орындарының қатарына кіреді және білім сапасы бойынша жоғары орында.