Мәскеуде Наурыз атап өтілді

Мәскеуде Наурыз атап өтілді

ХШЖК-нің «Қазақстан» павильонында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара қонақтары Мәскеуде және қосымша Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Ресей өңірлерінен келген отандастар, астаналық жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері болды.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың жаңару символы екенін айтып өтті және биылғы жылы еліміз мерекені саяси және мемлекеттік-құқықтық жаңарудың белгісі болған жаңа Конституциямен атап өтілетінін ескерте кетті. «Ғасырлар өте келе біздің әлеуметтік-тұрмыстық және өркениеттік өмір салтымыз түбегейлі өзгерсе де, бұл мерекенің мағынасы әлі де өзекті болып қала береді, тіпті одан да құдіретті және жан-жақты бола түсуде» - деп атап өтті Елші және барлығына амандық, зор денсаулық, сарқылмас қуат тіледі.

Көпшілігі Ресейдің қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері болып табылатын іс-шараныңқонақтары өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті Гүлшат Алимова өз сөзінде Мәскеуде тұрғанымен, ұлттық дәстүрлерді құрметтейтінін, сақтайтынын және жас ұрпаққа жеткізетінін атап өтті: «Бұл біздің Отанымыз, біз өзіміздің шығу тегімізді ұмытпауымыз керек».

 «Жолдастық» қазақ мәдениеті өңірлік қоғамдық ұйымы (Астрахан облысы) төрағасының орынбасары Әлия Ғұмарова өңірде Наурыз мейрамының дәстүрлі түрде кеңінен аталып өтілетінін және ол биыл 18 сәуірде мерекеленетінін еске салды. Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тіледі.

Мерекеде көктемнің басты тағамы Наурыз көже және қазақ асханасының дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Іс-шара қонақтары заманауи қазақ өнерінің бүкіл әдемілігі мен байлығын көрсеткен концерттік бағдарламаны тамашалай алды. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан Академиялық филармониясының әртістері Еркін Өтегенов пен Айбар Хайырханов, сондай-ақ виртуоз баяншы Олжас Нұрланов пен әнші Александр Фролов өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтті, ол Мәскеуге қазақ мәдениетінің бір бөлігімен бірге көктемгі жылулықты, позитивті көңіл-күйді және болашаққа деген сенімді алып келді.