ҚР РФ Елшісі Д.Абаев ТМД ТҚО басшысы Е.Сысоевпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев ТМД ТҚО басшысы Е.Сысоевпен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығының басшысы Евгений Сысоевпен кездесті.

Тараптар Ұйым қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті.

Ширек ғасырдан бері ТМД ТҚО ТМД кеңістігінде лаңкестік пен экстремизммен күресу жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу және үйлестіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың одан әрі үдемелі дамуына және ТМД кеңістігінде ұжымдық күш-жігердің нығаюына сенім білдірілді.

Кездесу достық атмосферада өтті.