ҚР РФ Елшісі Д. Абаев ТМД елдері елшілерінің кездесуіне қатысты

ҚР РФ Елшісі Д. Абаев ТМД елдері елшілерінің кездесуіне қатысты

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер елшілерінің РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен дәстүрлі кездесуіне қатысты.

Кездесуге, сондай-ақ ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев, ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадықов қатысты.

Өзекті халықаралық тақырыптар бойынша пікір алмасылды, 2025 жылғы Еуразиялық интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қорытындысы шығарылды.

Кездесу қатысушылары сыртқы саяси үйлестікті нығайтуды, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды арттыруды қоса алғанда, таяу перспективаға арналған міндеттерді белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз қарым-қатынас пен өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Іс-шара достық атмосферада өтті.