ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Каспий маңы мемлекеттерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының кездесуіне қатысты

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Каспий маңы мемлекеттерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының кездесуіне қатысты

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Каспий маңы мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшыларымен жыл сайынғы кездесуіне қатысты.

Кездесуге, сондай-ақ Федерация Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Григорий Карасин және Мемлекеттік Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников қатысты.

Тараптар Каспий өңіріндегі ынтымақтастық және өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерінің кең ауқымын талқылады. «Каспий бестігі» шеңберінде жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық мәселелері қаралды.