ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мәскеу жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттерімен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мәскеу жоғары оқу орындарының  қазақстандық студенттерімен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Елші Дәурен Абаевтың Мәскеу жоғары оқу орындарының (ММХҚИ, РФ СІМ Дипломатиялық академиясы, «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті, БМКИ) қазақстандық бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті.

Дипломатиялық миссия басшысы балаларды оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алуда табыс тіледі. Ол Қазақстанның мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлетінін айтты. Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша соңғы бірнеше жылда Республикада бірқатар әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Осы тұрғыда Елші Мемлекет басшысының жақында Қазақстан халқына Жолдауындағы экономиканы цифрлық ауқымды жаңғырту жағдайында адами капиталды дамытуға қатысты жаңа міндеттерді аса маңызды деп атады.

Елші сапалы білім алу қажеттігіне баса көңіл бөліп, жас ұрпақтың еліміздің одан әрі дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Д.Абаев жастарды оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыруда мемлекет тарапынан қолдау көрсету және қолайлы жағдайлар жасау жалғастырылатынына сендірді.

«Естеріңізде болсын, сіздердің әрқайсыңыз өз халқының елшісі. Сіздерге қарап біздің еліміз бен ұлтымызды бағалайды. Оқуды бітіргеннен кейін алған білімдеріңізді Отанымыздың игілігі үшін қолданасыздар. Мемлекеттің жетістігі сіздердің білімділіктеріңізге байланысты», - деп атап өтті Елші.

Соңында ол студенттердің сұрақтарына жауап берді.