Қазақстан мен Ресей парламентшілері Мәскеудегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстан мен Ресей парламентшілері Мәскеудегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің, Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының депутаттары, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары «Чистые Пруды» бульварындағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара биыл атап өтілетін қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының 180 жылдығы аясында өтті.

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, Абай Пушкиннің және басқа да классиктердің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ халқын әлемдік мәдениетпен таныстырды. Депутаттың пікірінше, Қазақстаннан тыс ақынға арнап орнатылған ескерткіштердің ішінде ең үздіктерінің бірі Мәскеуде.

Өз кезегінде, Мемлекеттік Думадағы «Единая Россия» партиясы фракциясының жетекшісі Владимир Васильев балалық шағында анасының оған Абайдың өлеңдерін оқығанын есіне алды. Ресей депутаты бүгінде екі ел парламентшілерінің халықтарымыздың мүддесі үшін бірлескен жұмысты жалғастырып жатқанын ерекше атап өтті.

 «AMANAT» партиясының делегациясы Мәскеуге «Единая Россия» партиясынан әріптестерінің шақыруымен келіп отыр. Кездесулер шеңберінде фракциялық-партиялық байланыстарды нығайту арқылы парламентаралық өзара іс-қимылды тереңдету талқылануда.