Екатеринбургтегі «Иннопром» 15-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ханты-Мансийск автономиялық округі - Югра губернаторы Руслан Кухарукпен кездесу өткізді.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Ханты-Мансийск автономиялық округі (ХМАО) - әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші аймақтардың бірі. Осыған байланысты, Қазақстан осы бағыттағы өзара іс-қимылға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.
Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі саласындағы екіжақты байланыстарды күшейту және бірлескен жобаларды іске асыру қажеттілігі мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Д. Абаев экологиялық, емдік-сауықтыру және спорттық туризмді дамытуға ықпал ететін Юграның туристік тартымдылығына да назар аударды. Елші туризмді өңірлердегі экономикалық белсенділіктің катализаторларының бірі ретінде қарастыратынын айтып, бұл бағыттың орасан зор және әлі толық игерілмеген әлеуеті бар екенін атап өтті. Салыстырмалы түрде жақын географиялық орналасуы қазақстандықтардың бұл өңірге белсенді сапарлары үшін жақсы мүмкіндіктер ашады.
Кездесу қорытындысы бойынша оның қатысушылары өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.