ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мемлекеттік Думаның Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы О. Матыцинмен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мемлекеттік Думаның Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы О. Матыцинмен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Мемлекеттік Думаның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі комитетінің төрағасы, Мемлекеттік Думаның халықаралық парламентаралық және қоғамдық ұйымдардағы спортты дамыту мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Олег Матыцинмен кездесу өткізді.

Екі елдің спорт саласындағы, оның ішінде парламентаралық желі бойынша ынтымақтастығының түрлі аспектілері талқыланды.

Осы тұрғыда Д.Абаев 2026 жылы Қазақстанда өтетін Болашақ ойындарының маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде О.Матыцин БРИКС және ШЫҰ сияқты түрлі интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жаңа ірі халықаралық спорттық іс-шараларды құруға және ілгерілетуге қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.