XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Тверь облысының үкіметі арасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға ШҚО Әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев, Тверь облысының Губернаторы Игорь Руденя және Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин қатысты.
Қол қою барысында атап өтілгендей, құжат тараптардың өзара ниеттерін білдіреді және екі өңір арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ықпал етеді, тауар айналымы мен өзара инвестициялардың елеулі ұлғаюына әкеледі, ал әріптестік өзара тиімді және нәтижелі болады.