ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Новгород облысы губернаторының уақытша міндетін атқарушы А. Дроновпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Новгород облысы губернаторының уақытша міндетін атқарушы А. Дроновпен кездесті

XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форум аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Новгород облысы губернаторының уақытша міндетін атқарушы Александр Дроновпен кездесті.

Қазақстан өңірлері мен Новгород облысы арасындағы байланыстардың жоғары деңгейі атап өтілді.

Атап айтқанда, Новгород делегациясының Қарағанды облысына өткен жылғы сапарының қорытындысы бойынша екі өңір арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасуға ниет білдірілді. Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университетінен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындарымен осындай келісімдерге қол қою туралы ұсыныс келіп түсті, сондай-ақ университет студенттермен алмасуға қызығушылық білдіріп, қазақстандық студенттерді білім алуға шақырды.  

Д.Абаев ортақ тарихи естелікті сақтағаны үшін А.Дроновқа алғысын білдірді. Айта кету керек, іздеу жасақтарының Новгород облысындағы 35 жыл жұмысы нәтижесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында осы өңір аумағында қаза тапқан 151 Қазақстан тумасының есімдері анықталды. Елші осы бағытты, соның ішінде мектептік, студенттік және мемориалдық бағдарламалар аясында дамытуды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша оның қатысушылары өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.