Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде Елші Дәурен Абаевтың қазақстандық «Алатау» арт-футбол командасымен кездесуі өтті.
Олар Ресей астанасына «Арт-футбол 2025» X Әлем чемпионатына қатысу үшін келді. Турнирге 16 елден әр түрлі мамандық өкілдері – әртістер, музыканттар, журналистер, саясаткерлер жиналды.
Қазақстандық делегация құрамына 27 адам, оның ішінде музыкант Ғаділбек Жанай, актер Тәуекел Мүсілім, режиссер Айдар Оспанов, иллюзионист Жеңіс Айтжанов кірді.
Қонақтар турнирге дайындық аясында көрсеткен көмегі үшін Елшіге ризашылықтарын білдірді.
Өз кезегінде Д.Абаев оларға алдағы матчтарда табыс тіледі.
11 маусымда сағат 18:00-де «Сапсан Арена» стадионында плей-оффқа шығу үшін қазақстандықтар ресейлік командамен ойнайды.