ҚР РФ Елшісі Д. Абаев Бүкілресейлік футбол күніне арналған іс-шараларға қатысты

ҚР РФ Елшісі Д. Абаев Бүкілресейлік футбол күніне арналған  іс-шараларға қатысты

2025 жылғы 1 маусымында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Әлем құрамасы мен Ресей құрамасы арасындағы футболдан жолдастық матчқа қатысты. Ойын Бүкілресейлік футбол күніне арналды.

Іс-шара Ресей Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастырушылық қолдауымен «Лужники» Олимпиадалық кешенінің Спорт қалашығының аумағында өтті.

Әлем құрамасына Мәскеуде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ әлем чемпионы Дэвид Трезеге, УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы Кристиан Пануччи және басқа да әлемдік футбол аңыздары кірді.

Ресей құрамасында Ресей мемлекеттік билік органдарының жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ бұрыңғы белгілі ресейлік футболшылар Александр Самедов, Павел Погребняк, Владимир Габулов, Денис Глушаков және басқалар ойнады.

Матч әділ және әдемі тартыста, өзара сыйластық, серіктестік және достық атмосферада өтті және 5:5 тең нәтижемен аяқталды. Ойын мемлекеттер арасындағы шекараларға, туларға қарамастан, адамдарды біріктіретін ортақ футбол тілін көрсетті.