ҚР РФ Елшісі Д. Абаев қазақстандық КВН командасымен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д. Абаев қазақстандық КВН командасымен кездесті

Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде Елші Дәурен Абаевтың Абай облысының «Не кипишуй» КВН командасының қатысушыларымен кездесуі өтті.

23 мамырда Ресей Армиясының Орталық Академиялық театрында қазақстандықтар КВН Жоғары лигасының ширек финалы аясында ойын көрсетеді.

Елші команданың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, алдағы ойында табыс тіледі.

Өз кезегінде, жастар дайындыққа көрсеткен көмегі үшін ризашылықтарын білдіріп, құрметті қонақ ретінде ойынды тамашалауға шақырды.