Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулдық бөлімі өз келушілерінің назарын аударады:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 21 шілдедегі № 11-1-4/433 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 9 тамыздан бастап консулдық алымдардың мөлшерінде өзгерістер енгізіледі.
Бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа – 8.000 ресей рублі
Көп мәртелiк виза (туристік және транзиттік визалардан басқа)
Туристтік виза:
Транзиттік виза:
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұру мәселелері бойынша қолдаухаттарды ресімдеу
Шетелге жеке ісі бойынша барған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға қалу туралы қолдаухаттарын ресімдеу - 14000 ресей рублі
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу – 10000 ресей рублі
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтiру туралы қолдаухатты ресiмдеу - 10000 ресей рублі
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресiмдеу – 15000 ресей рублі
Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру – 2500 ресей рублі
Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру - 3500 ресей рублі
Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру (әрбір куәлік үшін) - 4500 ресей рублі
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу - 2500 ресей рублі
Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу - 2500 ресей рублі
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру - 2500 ресей рублі
Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін) – 3000 ресей рублі
Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін) - 3500 ресей рублі
Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау (әр бір құжат үшін) - 3500 ресей рублі
Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру – 5000 ресей рублі
Мұраға құқық туралы куәлiктер беру – 5000 ресей рублі
Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру –5000 Ресей рублі
Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру - 3000 ресей рублі
Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әр бiр құжат үшiн) – 3000 ресей рублі
Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру – 4000 ресей рублі
Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру – 2500 ресей рублі
Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру – 2500 ресей рублі
Құжаттар берiлген уақытты куәландыру – 2500 ресей рублі
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру – 3000 ресей рублі
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету – 3000 ресей рублі