Меню

Страницы

Статья

Мәскеу аймағында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының назарына!

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап астаналық өңірінде (Мәскеу қ. және Мәскеу облысы) Ресеймен визасыз бірқатар мемлекеттері азаматтарының орналасқан жерін есепке алудың эксперименттік режимі енгізіледі, ол федералдық заңнамаға сәйкес жүргізілетін және көші-қон есебінің қолданыстағы тәртібін ауыстыруға арналған 

Мәскеу қ. және Мәскеу облысына жұмыс істеу үшін келген Қазақстан азаматтарына міндетті түрде «Амина» арнайы мобильді қосымшасын міндетті түрде орнату қажет болады. Ол шетелдік азаматтарды есепке алуды жеңілдетіп, көші-қон заңнамасын адал сақтайтын шетелдіктер үшін бұл үдерісті одан әрі ыңғайлы және қолжетімді етуге арналған.

Бұл талаптан кәмелетке толмаған адамдар (18 жасқа дейін) жастар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сонымен бірге олардың отбасы мүшелері босатылады.

«Амина» Көпфункционалды көші-қон орталығының (ММЦ) мекенжайы бойынша тіркелуге және ішкі істер органдарын тұратын жері (шетелдік азамат ұйықтау және демалу үшін үнемі пайдаланатын) және оның ауысуы туралы мобильді қосымша арқылы қашықтан хабардар етуге мүмкіндік береді.

«Аминаны» орнату Көпфункционалды көші-қон орталығына немесе Ресей ІІМ аумақтық органдарына бармай-ақ дербес жүзеге асырылады.

Әрі қарай, мобильді қосымшада авторизациялау үшін шетелдік азаматтың қолданыстағы картасы қажет. Оны ресімдеу үшін көпфункционалды көші-қон орталығына жүгінеді. Карта жоғалған жағдайда «Аминаға» авторизациялау үшін паспорттық мәліметтерді енгізу жеткілікті.

Мобильді қосымша геолокация арқылы ақпаратты Ресейдің ІІМ-не жібереді. ІІМ органдары мәліметтердің бірнеше күн бойы берілмегенін тіркесе, онда азаматқа орналасқан жерінің мекен-жайын растау немесе оның өзгергені туралы Ресейдің ІІМ -не хабарлау қажеттілігі туралы хабарлама келеді. Бұл үшін ішкі істер органдарына немесе Көші-қон орталығына бару талап етілмейді.

Соңғы мониторинг күнінен бастап абоненттік құрылғының геолокациясы туралы мәлімет үш жұмыс күнінен артық түспеген жағдайда азамат Көші-қон орталығының мекенжайы бойынша есептен шығарылады.

Эксперимент енгізілгеннен кейін мониторинг шарттарын бұзу азамат туралы мәліметтерді Бақыланатын тұлғалардың тізіліміне енгізуге негіз бола алады.

Көші-қон есебіне эксперимент жүргізіліп жатқан аумақтардан тыс жерде қойылған немесе елден шыққан жағдайда азамат ККО мекенжайы бойынша есептен шығарылады, тиісті хабарлама «Амина» мобильдік қосымшасы арқылы келіп түседі.

Болашақта «Амина» қосымшасын мониторинг функцияларынан басқа, пайдаланушылар үшін өзге де қажетті мүмкіндіктер пайда болады.   Мысалы, онда патент төлеуге, көші-қон орталығына бару үшін алдын-ала жазылу және т.б. қызметтер қарастырылады.

Эксперимент басталғанға дейін қосымшаны тестілеу режимінде қолдануға болады, бұл оның функционалын алдын-ала зерттеуге көмектеседі.

Назар аударыңыз!

«Амина» қосымшасын тек бір ресми көзден ресейлік RuStore қосымшалар дүкенінен жүктей аласыз. Google Play немесе Apple App Store дүкенінен іздеу нәтиже бермейді немесе көші-қон есебіне қатысы жоқ бейресми қолданбаларды жүктеуге әкеледі. Бейресми дереккөздерді пайдалану қауіпті, себебі ол жеке басын ұрлауға немесе зиянды бағдарламаны орнатуға әкелуі мүмкін.

«Амина» қосымшасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына сілтеме бойынша көруге болады https://mc.mos.ru/info/amina#%D0%A7%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%BE%20%D0%B7%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%B2%D0%B0%D0%B5%D0%BC%D1%8B%D0%B5%20%D0%B2%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81%D1%8B 

 

Дата публикации
29 августа 2025
Дата обновления
29 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
29 августа 2025
Мәскеу аймағында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының назарына!
Ақпарат
10 августа 2025
Ресейге визасыз режимде кіретін шетелдіктердің уақытша болуының рұқсат етілген мерзімін өзгерту туралы
Ақпарат
10 августа 2025
Шығару режимін қолдануға байланысты Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың жекелеген санаттарының құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі Уақытша шаралар туралы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары