Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің кеңесшісі Рашид Ғазизов Витебскте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған аллеяның ашылу салтанатына қатысты

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің кеңесшісі Рашид Ғазизов Витебскте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған аллеяның ашылу салтанатына қатысты

Витебск, 2025 жылғы 5 мамыр - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің кеңесшісі Рашид Ғазизов П.М.Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің (ВМУ) ботаникалық бағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған аллеяның ашылу салтанатына қатысты.

Бақшаға Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Үндістан және басқа мемлекеттердің елшіліктері ұсынған 12 көшет отырғызылды.

ВМУ ботаникалық бағы кездейсоқ таңдалған жоқ - соғыс жылдарында мұнда жау бекіністері тұрды, жер траншеялар мен блиндаждармен қазылды. Оны1944 жылы қалпына келтіре бастады. Бүгінде мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 мың өсімдік бар.

Іс-шараға дипломатиялық миссиялар өкілдерінен басқа жергілікті облыстық және қалалық билік, қоғамдық ұйымдар, ведомстволар мен қызметтер өкілдері, депутаттар, оқушылар қатысты.

Акция қонақтары үшін университет студенттері жарқын театрландырылған қойылым, әскери тақырыптағы шығармашылық нөмірлер ұсынды.