Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов № 143 орта мектебінің аумағында Беларусьті азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды.

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов № 143 орта мектебінің аумағында Беларусьті азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды.

Минск, 2025 жылғы 5 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Минск қаласының М.Әуезова атындағы № 143 орта мектебінің аумағында Беларусьті азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды. 

Салтанатты рәсімге елшілік дипломаттары, Беларусьте оқитын қазақстандық курсанттар мен студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері, оқушылар мен мектептің педагогикалық құрамы қатысты.

Т.Жақсылықов өзінің құттықтау сөзінде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы және тылдағы ерлігі туралы айтты.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар ең қатал шайқастарға қатысты. Жүздеген қазақстандықтар Брест бекінісінің қорғаушыларының қатарында болды. Қазақстандық жауынгерлер Мәскеу мен Ленинградты қорғап, Сталинград, Курск және Ржев маңында соғысып, Беларусь, Украина, Еуропа елдерін азат етті.

Соғыс жылдарында Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық полктер мен басқа әскер тектерінің жеке батальондары құрылды.

Мыңдаған қазақстандықтар жау басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа белсенді қатысты. Белорусьте жұмыс істеген 65 Партизан бригадасы мен отрядының құрамында бір жарым мыңнан астам қазақстандық шайқасты.

Қазақстандықтардың ерлігінің дәлелі ретінде Қазақстаннан 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 84-і Беларусьті азат ету үшін шайқаста осы жоғары атаққа ие болды.

Қазақстандықтар тек майданда ғана емес, тылда да өз күшін көрсетті. Соғыс жылдарында Қазақстан Майданды қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, отынмен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ұлы Отан соғысы кезінде Қызыл армияның он оғының тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды.

Т. Жақсылықов қазақстандық жауынгерлерге арналған монументке гүл шоқтарын қойып, «Біз елдеріміздің барлық жауынгерлеріне бейбітшілік пен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін сол қорқынышты соғыстың майдандарында ерлікпен соғысқаны үшін тағзым етеміз» деп атап өтті.

Өз кезегінде мектеп директоры Вадим Панасевич Қазақстанның ортақ жеңіске қосқан лайықты үлесін атап өтіп, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігін белорус халқы ризашылықпен сақтайтынын жеткізді.