
Минск, 2025 ж. 2 сәуір – Қазақстан мен Беларусьтің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық мәселелер бойынша сімаралық консультациялар өтті.
Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, ал белорус делегациясын СІМ Консулдық басқармасының басшысы Андрей Кожан басқарды.
Отырыс барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесудің мәселелері, консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелері, консулдық саладағы цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар тиісті Хаттамаға қол қойып, консулдық қатынастардың барлық салалары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ниеттерін растады.