Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының еңбек ардагерлері делегациясы Кеңес Одағының Батыры Сүндүткали Есқалиевтің ерлігіне тағзым етті

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының еңбек ардагерлері делегациясы Кеңес Одағының Батыры Сүндүткали Есқалиевтің ерлігіне тағзым етті

Могилев облысының Быхов ауданы, 2025 жылғы 31 наурыз – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының еңбек ардагерлері делегациясы «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» бағдарламасы аясында 1944 жылы
24 маусымда Могилев облысы Быхов ауданы Лудчицы ауылының маңында қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Сүндүткали Есқалиевті еске алу үшін «Лудчицкая биіктігі» Әскери даңқ мемориалына, сондай-ақ қазақ жауынгері жерленген Яново кентіндегі бауырлас қабірге барды.

Аудан басшылығымен кездесуде Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімдігі мен Могилев облысының Быхов аудандық Атқарушы комитеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттың мақсаты – біздің жауынгерлеріміз туралы жадымызды сақтау, жастарға патриоттық тәрбие беру саласында ынтымақтастық орнату, өлкетану, мұражай және мұрағат ісі, сәндік-қолданбалы өнер, халық кәсіпшілігі, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусь аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің есімдерін қалпына келтіру мақсатында іздеу жасақтарының жұмысы мен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау болды.

«Лудчицкая высота» Әскери даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінде белорус тарапына Қазақстаннан әкелінген Сундуткали Есқалиевке қазақ және белорус тілдерінде ескерткіш тақта табысталды.

Іс-шаралар барысында қазақ делегациясын ертіп келген Қазақстан Беларусь Елшілігінің кеңесшісі Р.Ғазизов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміздің ерлігіне құрметпен қарағаны үшін қазақстандықтарға бауырлас белорус халқына алғысын білдіріп, мұндай акциялардың жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесін атап өтті: «Біздің ортақ міндетіміз – жас ұрпаққа халықтарымыз неміс-фашистік басқыншыларға қарсы бірге күрескен Ұлы Отан соғысының тарихын жеткізу».