
Минск 18 наурыз - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Үндістанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған Елшісі Ашок Кумармен оның өтініші бойынша кездесті.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-үнді ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады.