Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Островец қаласындағы Беларусь атом электр станциясына (БелАЭС) жұмыс сапарымен барды.

Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Островец қаласындағы Беларусь атом электр станциясына (БелАЭС) жұмыс сапарымен барды.

Минск, 2024 жылғы 3 желтоқсан - Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Островец қаласындағы Беларусь атом электр станциясына (БелАЭС) жұмыс сапарымен барды.

Сапардың мақсаты Беларустің атом энергетикасы саласындағы тәжірибесімен танысу, атом объектілерін пайдалану және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау, сондай-ақ осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту болды.

Сапар барысында қазақстандық дипломат БелАЭС басшылығы - Сергей Бобовичпен кездесу өткізді. Оның шеңберінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы атом энергетикасындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Бұдан басқа, БелАЭС өкілдері станцияның бірегей технологиялық және пайдалану ерекшеліктерін, сондай-ақ оны пайдаланудың табысты нәтижелерін көрсететін негізгі объектілердің жұмысын таныстырды.

Елші Т.Жақсылықов Беларусь тарапына стратегиялық маңызы бар объектіге барып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Қазақстандық тарап осы жылдың соңына дейін қазақстандық делегацияның БелАЭС нысандарына ғылыми сапарын ұйымдастыруды, сондай-ақ алдағы уақытта Беларусь сарапшыларымен консультациялар өткізуді қоса алғанда, одан әрі өзара іс-қимылға қызығушылық білдірді.

Беларусь тарапы орнықты даму және энергетикалық қауіпсіздік мақсатында атом энергетикасын дамытудың және озық тәжірибелермен алмасудың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастыққа дайындығын растады.

Бұл сапар Қазақстан мен Беларусь арасындағы энергетика саласындағы әріптестікті тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тараптардың екіжақты байланыстарды нығайтуға деген өзара ұмтылысын растады.