Минскте жалпы республикалық сенбілік аясында Достастық алаңы абаттандырылып, Беларусьті азат ету жолында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды

Минскте жалпы республикалық сенбілік аясында Достастық алаңы абаттандырылып, Беларусьті азат ету жолында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды

Минск, 2024 жылғы 20 сәуір - Қазақстандық дипломаттар, БР Әскери академиясының офицерлері мен курсанттары Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусь жерін неміс-фашистік басқыншылардан азат ету жолында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылған Достастық алаңын абаттандыруға қатысты.

Акция «МИР» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы Беларусь өкілдігінің «Есте сақтау» бастамасы аясында 29 сәуірде елде өткен жалпыұлттық сенбілік күніне орайластырылды.

Жұмыс басталар алдында мемориалға гүл қою рәсімі өтіп, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Қазақстанда соғыс басталғалы жеке полктерді, құрамалар мен жорық бөлімшелерін есептемегенде, сегізге жуық дивизия, оның ішінде үш атқыштар және төрт атты әскер дивизиялары жасақталды. Минск қаласының орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымызды еске алдық. Біз оларға бейбітшілік сыйлағаны үшін тағзым етеміз», – деді Әскери академияның бас штаб факультетінің тыңдаушысы полковник Абай Иманов.

Беларусь жерін неміс-фашистік басқыншылардан азат ету жолында қаза тапқан қазақ жауынгер-батырларына арналған ескерткіш 2008 жылы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ел астанасының Партизан ауданында орнатылған.