Қазақстан СІМ басшысының Беларусь елшісімен кездесуі туралы

Қазақстан СІМ басшысының Беларусь елшісімен кездесуі туралы

Астана, 2024 жылғы 16 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Павел Утюпинді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын айтып, олардың нығаюына аса жоғары және жоғары деңгейдегі сенімді саяси диалог пен белсенді өзара іс-қимыл ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ ағымдағы жылға арналған алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі қаралды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/708063?lang=kk