Қазақстан мен Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Қазақстан мен Беларусь сауда-экономикалық  ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Минск, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Мятликовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі нығайту жөніндегі қадамдарды талқылады.

Сұхбаттастар Қазақстан мен Беларусьтің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу перспективаларын қарастырып, сондай-ақ көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан-Беларусь стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растап, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.