«Қазақстан – менің көзіммен» атты халықаралық сурет байқауы

«Қазақстан – менің көзіммен» атты халықаралық сурет байқауы

«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын қазақ балалары арасында «Қазақстан – менің көзіммен» атты халықаралық шығармашылық онлайн сурет байқауын өткізеді.

Конкурстың мақсаты – Қазақстан және оның тарихи-мәдени мұрасы, табиғаты мен ұлттық құндылықтары туралы шығармашылық түсінік арқылы шетелде тұратын қазақ балаларының тарихи Отанымен рухани байланыстарын нығайту.

Конкурсқа 12 -17 жас аралығындағы қазақ ұлтты шетел азаматтары қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар 2026 жылдың 28 тамызына дейін oqbaiqau@gmail.com

 электрондық пошта арқылы қабылданады.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.