Қазақстандық оқушылар Жас құтқарушылар-өрт сөндірушілердің XIX халықаралық слетіне қатысуда

Қазақстандық оқушылар Жас құтқарушылар-өрт сөндірушілердің  XIX халықаралық слетіне қатысуда

Минск, 2026 жылғы 8 шілдеде  Жас құтқарушылар - өрт сөндірушілердің XIX халықаралық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары С.Саланович, Беларусь Республикасы Білім министрінің орынбасары Е.Петруцкая, Беларусь Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі доктор Р.Багиров, сондай-ақ Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Сербия дипломатиялық миссияларының өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жас құтқарушы - өрт сөндірушілердің халықаралық слетін ұйымдастырушы Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады. Іс-шара «Зубренок» балалар білім беру-сауықтыру орталығының негізінде өтуде. Шамамен 20 жыл бойы бұл алаң әлемнің әртүрлі елдерінен жасөспірімдерді жинап, тәжірибе алмасуға, қиын жағдайларда әрекет етуді үйренуге, құтқарушы мамандығымен танысуға және достықты дамытуға мүмкіндік беріп келеді.

Биылғы жылы Халықаралық слетке Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Сербия және Өзбекстаннан алты команда қатысып отыр.

Қазақстандық команда Қостанай облысы Рудный қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің 7 оқушысынан құралған.