Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Көшербаевтың Беларусьтің Сыртқы істер министрі М.Рыженковқа Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы

Қазақстанның Сыртқы істер министрі  Е.Көшербаевтың Беларусьтің Сыртқы істер министрі М.Рыженковқа Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың

Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковқа

Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы

                                                                                                                                                   Астана 03/07/2026

 

Құрметті Максим Владимирович!

Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.

Қазақстанда Беларусьтің жетістіктеріне шын жүректен қуанышты, екі елді берік достық пен сенімді әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады.

Қазақ-белорус ынтымақтастығын нығайту ісіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Жан-жақты мемлекетаралық қатынастарды тереңдетуге бағытталған тығыз байланыстарды одан әрі жалғастыруға деген көңіл-күйімді растаймын.

Осы айтулы күні Сізге, құрметті Максим Владимирович, Сіздің жауапты мемлекеттік қызметіңізде жаңа табыстар, ал Беларусьтің достас халқына – өркендеу мен амандық тілеймін.

 

Құрметпен,                                                                                                                             Ермек Көшербаев