Қазақстан мен Беларусь азаматтық қорғау кадрларын даярлау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда

Қазақстан мен Беларусь азаматтық қорғау кадрларын даярлау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда

Минск, 2026 жылғы 26 маусым - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь ТЖМ Азаматтық қорғау университеті мамандарының 32-ші шығарылымына арналған салтанатты іс-шарасына қатысты.

Жас лейтенанттарды Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявский жоғары оқу орнын бітіруімен құттықтады. Ол түлектердің жетістіктерімен мақтанатынын және ертең олар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына сенімін.

Т.Жақсылықов өзінің құттықтау сөзінде барлық түлектерді диплом алуымен құттықтап, Қазақстан мен Беларусь көптеген жылдар бойы ТЖ саласында кадрлар даярлау саласында табысты ынтымақтасып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Елшісі Университет түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табыстап, оларға қызметте табыс тіледі.

Биылғы жылы түлектер арасында толық даярлық циклынан өткен және бірінші офицерлік атағын алған алты қазақстандық – лейтенант, сондай-ақ Қазақстаннан жеті магистранты бар, олардың екеуі үздік диплом алды.