Беларусь мемлекеттік авиация академиясының әскери факультетінің түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табысталды

Беларусь мемлекеттік авиация академиясының әскери факультетінің түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табысталды

Минск, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің кеңесшісі Рашид Ғазизов Беларусь мемлекеттік авиация академиясының әскери факультетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатына қатысты.

Үш жас лейтенант - Қазақстан Республикасынан келген әскери қызметшілер академияны үздік дипломмен, ал олардың бірі – алтын медальмен бітірді.

Академия басшылығы қазақстандық әскери қызметшілерді абыроймен бағалап, олардың қабілеттері мен білімге деген құштарлығын, жоғары тәртібі пен жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Өз тарапынан түлектер мамандар даярлаудың жоғары деңгейін белгілеп, осы беделді оқу орнының қабырғасында білім алу мүмкіндігі үшін академия басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына алғыстарын білдірді.

Салтанатты іс-шара соңында жас офицерлер академияның туымен қоштасып, салтанатты шерумен өтті.

Беларусь мемлекеттік авиация академиясының әскери факультеті 1975 жылы тамызда құрылды. Ол өзінің тарихын Минск авиациялық техникалық азаматтық авиация училищесінің базасында курсанттарды оқыту үшін әскери цикл құрылған сәттен бастап жүргізеді.