
Гродно, 2026 жылғы 5-6 маусым - 42 ұлттың 800 өкілінің қатысуымен XV Республикалық ұлттық мәдениеттер фестивалі ұйымдастырылды. Ашылу салтанаты Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенконың қатысуымен өтті.
Фестивальге «Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы, сондай-ақ Беларусь жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан студенттері қатысты.
Фестиваль театрландырылған шеруден басталды. Онда қазақ диаспорасы домбыраның музыкалық сүйемелдеуімен ұлттық костюмдерде өнер көрсетті.
Іс-шараның екінші күнінде Гродно көшелерінде орналасқан 20 ұлттық аула көрмесі ұйымдастрылды. Фестиваль қонақтары мен қатысушыларын қазақ ауласының қонақжайлылығы таң қалдырды. Беларусь тұрғындарына қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихы мен қолөнері ұсынылды, қазақ әндері шырқалды, конкурстар мен викториналар ұйымдастырылды.
Фестиваль қонақтары үшін ең тартымдысы ұлттық қазақ дастарханы және бауырсақ дайындау бойынша мастер-класс болды. Қонақтар ұлттық тағамдар мен тәттілерден, соның ішінде бешбармақ, самса, құрт, жент және қазақстандық шоколадтан дәм тата алды. Мерекелік дастарханның басты тағамы үлкен қазанда дайындалған палау болды.