Қазақстан Елшілігінде аграрлық форумның қорытындылары мен белорус серіктестерімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Қазақстан Елшілігінде аграрлық форумның қорытындылары мен белорус серіктестерімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Минск, 2026 жылғы 5 маусым – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінде Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі
Тимур Жақсылықовтың белорус кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі қазақстандық бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы  ү.ж.  3 маусымда «Белагро-2026» көрмесі аясында өткен Екінші Беларусь-Қазақстан аграрлық форумының қорытындылары болды.

Кездесуге қатысушылар форум АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, компаниялар арасында тікелей байланыс орнатуға және нақты келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Кездесу барысында белорус ауыл шаруашылығы техникасын, мал шаруашылығы кешендеріне арналған жабдықтарды, жем қоспалары мен ветеринариялық препараттарды жеткізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары да қаралды. Фермалар салу және Беларусь технологияларын қазақстандық АӨК-ке енгізу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

«ЗубрАгро» ЖШС құрылтайшысы В.Миганович компания Қазақстанға жеткізілетін беларусь өнімдерінің портфелін дәйекті түрде кеңейтіп жатқанын және жаңа бірлескен жобаларды іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Сапа сүт» ЖШС директоры Мақсат Нұритдинов сүт-тауар фермасын салу жөніндегі жоспарланған бірлескен жоба туралы айтып берді. «Белорус тарапы жабдықтар мен генетикалық материалды жеткізуден бастап технологиялық сүйемелдеуге дейін толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдіріп отыр», «тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуға өзара мүдделі екенін растайды»,-деп айтып жеткізді.

Қазақстанның Елшісі Тимур Жақсылықов Екінші Беларусь-Қазақстан аграрлық форумының қорытындыларына жоғары баға беріп, мұндай іс-шаралар жалпы уағдаластықтардан практикалық іске асыруға жедел өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол Елшіліктің қазақстандық және белорус серіктестеріне бірлескен жобаларды дамытуда қажетті көмек көрсетуге дайын екенін растады. «Әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдіреміз және жоспарланған жобаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз», – деп қосты дипломат.